Жыл соңына дейін қазақстандықтардың 99% кең жолақты интернетпен қамтасыз етіледі

Жыл соңына дейін қазақстандықтардың 99% кең жолақты интернетпен қамтасыз етіледі

Алдағы бірнеше айда ел халқының 99% кең жолақты интернетпен қамтасыз етіледі. Бұл әсіресе 250 және одан да көп адам тұратын барлық ауылдық елді мекендерге қатысты. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің комитет төрағасы Виталий Ярошенко хабарлады. Оның айтуынша, халық аз қоныстанған аудандарды интернетпен қамтамасыз ету мәселесі 3 жыл ішінде шешіледі. Еске сала кетейік, бүгінде 855 ауыл интернетпен қамтылмаған.

«Қазіргі уақытта 6459 елді мекеннің 4646 елді мекенінде кең жолақты Интернет желілері ораластырылды. Яғни, еліміздегі ауылдардың үштен бірінен көбі кең жолақты интернет желісіне қосылған. Бұл елді мекендерде 18,2 миллион адам тұратындығын атап өткім келеді, бұл халықтың 97,3% құрайды », - деп түсіндірді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің комитет төрағасы Виталий Ярошенко.

Комитет төрағасының айтуынша, қазір мамандар интернет желісін өткізуге болатын ауылдардың тізімін дайындап жатыр. Дегенмен мұндай аз қоныстанған елді мекендерде оқушылар мектеп парталарында, яғни оффлайн режимінде білім алуды жалғастырады.

«Қазақстан Республикасы аумағы бойынша әлемде тоғызыншы, ал халқының саны бойынша 65-ші орында. Бізде бір шаршы километрге 6 адамнан келеді. Бұл ауылдарда халықтың 1% -тен азы тұрады. Бұл ауылдардаы қалпына келтіруге және құрылыс жұмыстарын бастауға кететін шығындар қарапайым қалалық және ірі елді мекендердің шығындарымен тең келеді. Сондықтан, біз ең алдымен «250+» жобасын жасап жатырмыз. «250-» сәл кейінірек болады. Қашықтықтан білім беру мәселесіне келетін болсақ, бұл мәселелер ҚР Білім министрлігімен пысықталуда. Тіпті кең жолақты Интернетке қол жетімді ауылдарда да балалар мектепке баратын болады, олар қашықтан оқымайды», - деді Виталий Ярошенко.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: holidayhomesclub.ru