KazRoboProject-2020: қазақстандық жас өнертапқыштар байқауға 60-тан аса жоба ұсынды

KazRoboProject-2020: қазақстандық жас өнертапқыштар байқауға 60-тан аса жоба ұсынды

2016 жылдан бері «KazRoboProject» ғылыми-техникалық жобалар байқауы еліміздің барлық өңірлерінен жас конструкторларды, талантты, ізденімпаз балаларды анықтайды. Биыл байқау онлайн-форматта ұйымдастырылды. Бірақ, соған қарамастан, жастар тарапынан байқауға деген қызығушылық жоғалмады. Жалпы, байқауға Қазақстанның бар өңірінен 90-нан аса қатысушы 60-тан аса жоба ұсынды. Сондай-ақ, өнертапқыштар жұмыстарын онлайн фортматта қорғайтын болады.

Әрбір қатысушы командалар ғылыми жетекшісі бар екі адамнан тұрады. Жобалармен жұмыс жасау барысында қатысушылар құрылғыларды жобалау, сызбаларды оқу, роботтарды құрастыру, әзірленген модельдерді бағдарламалау негіздерін игереді. Олар дизайнерлердің негізгі компоненттерін және олардың функционалдығын зерттейді. Сонымен қатар, балалар шағын маркетингтік зерттеулерді меңгеріп, қарапайым қаржылық есептеулер жүргізеді.

«Мектеп немесе студенттік жобаны нақты жағдайларда практикалық қолдануға мақсатты және жүйелі түрде дайындау білім алушыларды рационализаторлық қызметтің негіздерін түсінуге, әрі қарай кәсіби өсу үшін негіз болуы тиіс. Біздің балалар болашақта ғылыми, инженерлік-техникалық бағытпен байланысты мамандықтарды таңдап, Қазақстан экономикасының дамуын жаңа деңгейге шығарады деп армандаймыз», - дейді «КазРоботикс» федерациясының президенті Айжан Жекеева.

Байқау екі жас тобына арналған: 10-15 жас және 16-21 жас. Сонымен қатар, әр жас тобында екі номинация қарастырылған: «Концепт» және «Прототип».  Алғашқысы – бұл бұл жоба идеясы мен процестер логикасын көрсету үшін жиналған құрылғының орналасуы, ал, екіншісі – бұл нақты пайдалануға жақын жағдайда тапсырманы орындайтын құрылғының «жетілген» моделі. Қазіргі уақытта қазылар алқасы үздік жұмыстардың авторларын іріктеуде. Тұңғыш Президент қорының хабарлауынша, байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі қыркүйек айында өтеді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: lenta.inform.kz