Siri мен Alexa қазақ тілінде сөйлейді

Siri мен Alexa қазақ тілінде сөйлейді

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары сөз тану және сөз синтезі технологияларын қазақ тілінде қолдану үшін қазақ тіліндегі дауыстық деректерді жинауды бастады. Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл технологиялар Siri, Alexa және Cortana сияқты танымал виртуалды ассистенттерде қолданылады. Болашақта осы деректер жиынтығы қазақ тілінде басқа бағдарламалар мен қосымшалар жасау үшін пайдаланылатын болады.

«Бұл жобаға адамдардың қатысуы өте маңызды. Ғалымдар осы жобаны іске асыру үшін, халық арасында дауыс жинауы қажет. Қатысушыларға сілтеме бойынша өтіп, нұсқаулықпен танысып, экранда көрсетілетін ұсыныстарды қазақ тілінде дауыстап оқу қажет. Қазіргі уақытта дауыс жинау белсенді түрде жүргізілуде»,- деп хабарлады ЖОО.

Жобаны әзірлеушілердің айтуынша,  неғұрлым көп адам қатысатын болса, ғалымдар соғұрлым тезірек жаңа бағдарламалар әзірлейді. Айта кетейік, жобаға атсалысқысы келетін адам шексіз рет қатыса алады. Жобаға қатысу үшін сілтеме  бойынша өту қажет.

 

Фото: tumba.kz