1-сыныпқа құжаттарды онлайн қабылдау басталды

1-сыныпқа құжаттарды онлайн қабылдау басталды

1-сыныпқа қабылдау жүйесі цифрландырылып жатыр. Енді ол үшін қажетті құжаттарды eGov.kz порталы арқылы электронды түрде тапсыруға болады. 1 маусымнан бастап мектеп табалдырығын аттайтын оқушылардың өтінімдері онлайн қабылдана бастады. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова фейсбукте берген тікелей эфир барысында мәлімдеді. Жаңа сандық тұғырнама арқылы баланы бір мектептен басқасына виртуалды ауыстыру мүмкіндігі де қарастырылған. Бүгінге дейін жүйеге түскен жалпы өтінім саны бір мыңнан асты. Бұл орайда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының ата-аналары белсенділік танытуда. Қолданушылар енді құрылған жүйе жүктемеге шыдамай сыр беріп жатқаны байқаған. Мамандар ақаулар саны аз, олар дер кезінде шешіліп жатқанын айтады.  

«Техникалық ақаулар өте көп орын алып жатыр ғой. Сондықтан да бұл жерде тек бір жақты eGov.kz порталының кінәсі емес. Жергілікті интернеттің жұмысына қатысты болады, немесе қажетті құжаттар толық не дұрыс жиналмайды. Сондықтан да ата-аналарға өтінішті бұрынғыша қағаз түріндеде тапсыруға мүмкіндік бар екенін тағы бір айтқым келеді», дейді Майра Мелдебекова.

«Біз электрондық форматты құжат өткізу жүйесін ата-аналар үшін барынша ыңғайлы етіп жасадық. Білім және ғылым министрлігі мұндай қызмет түрін бірінші рет іске қосқандықтан, соңына дейін жеткізуі керек біраз жұмыс бар», - деді ҚР БҒМ Білім беру цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай.

Мектепке қабылдауға арналған құжаттарды 1 тамызға дейін тапсырып үлгеру керек. Өтініш беру үшін баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, денсаулық  паспорты, 063/у анықтамасы мен екі  3×4 фотосуреті қажет

Мектеп алдымен өзінің микроучаскесіндегі оқушыларды қабылдауы керек. Биылғы талап бойынша әр үш бала сол мектеп маңындағы үйлерден алынса, төртінші бала басқа аудандар, тіпті өзге қалалардан келе келе алады. Мұндай жағдайда оқушының тұрғылықты мекенжайы талап етілмейді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов