АХҚО IT таланттарды қолдайды

АХҚО IT таланттарды қолдайды

Болашақ цифрлық технологияларда және бағдарлама әзірлеушілердің қолында. Бүгін АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов пен ресейлік банктің басқарма төрағасы Герман Грефтің қатысуымен QWANT жоғарғы технологиялық мектебінің цифрлық ашылу рәсімі өтті. Жоба түлектері экономика салаларын цифрландыру және индустрияны дамытуға белсене араласады. Олар жергілікті, сондай-ақ халықаралық жобаларға атсалысып, Дүниежүзілік экономикалық форумның Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының бастамаларына да тартылады. Осылайша, АХҚО әріптес бола отырып ІТ-таланттарға қолдау көрсетпек.

Мамандарды даярлау бірнеше негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: клиенттік және серверлік бағдарламалық жасақтаманы, бұлтты есептеулерді, блокчейн, операциялық жүйелер мен мәліметтер базасын дамыту. Ал келешекте кибер қауіпсіздік, жасанды интеллект және цифрлық маркетинг сияқты жаңа бағыттарға байланысты оқу бағдарламасын кеңейту жоспарлануда.

Айта кетерлігі, осыдан екі апта бұрын QWANT мектебінің техникалық ашылуы өткен болатын.   Карантинге байланысты жоба онлайн-форматқа көшірілді. Бұл платформаның мүмкіндіктерін әлдеқайда кеңейте түсті. Қазір жоғары технологиялар мектебінде 350-ден астам дарынды жас білім алып жатыр.

«Бүгінгі күні жедел әлеуметтік-экономикалық өсімнің парадигмасы технологиялар жағына қарай белсенді жылжуда. Осының арқасында біз жаңа сандық сын-тегеурін аясында болашаққа қарауымыз қажет. Біз технологиялық компаниялардың түрлі секторлардағы дәстүрлі компанияларды ығыстырылғанын байқаймыз, қаржы индустриясын қоса алғанда. Сондықтан, АХҚО келесі 5 жылда классикалық қаржы орталығынан аймақтық сандық қаржы платформасына көшуге бағытталған», - деп атап көрсетті АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

 Фото: medium.com