Коронавируспен күрестегі технологиялар: қазақстандық программистер 50-ден аса жаңа IT-шешім әзірледі

Коронавируспен күрестегі технологиялар: қазақстандық программистер 50-ден аса жаңа IT-шешім әзірледі

Отандық програмистер ТЖ кезінде қол қусырып отырған жоқ. Олар қысқа мерзім ішінде ондаған жаңа ІТ-шешім әзірлеп шығарды. Қазір оларды қазақстандықтар белсенді қолданып жүр. Жобалар технологиялық ноу-хаудан бастап әлеуметтік-экономикалық болжамдар жасаумен байланысты. Мысалы, соңғылары коронавирпус пандемиясы кезінде қолға алған шаралардың тиімділігін алдын ала есептеуге мүмкіндік береді.

Жергілікті IT-компаниялар әзірлеген 53 жобаның 15-і денсаулық сақтау саласында қолданылып жүр. Олар: MapCovid, RadiologyTrain ресурсы, COVID-19 Web-қосымшасы. Ауру жұқтырғандармен қатынаста болғандардың жүріп-тұруын бақылайтын SmartAstana қосымшасындағы жаңа функия да осы тізімге кіреді. Аталған шешімдер дәрігерлерге де, азаматтарға да пайдалы. Мысалы, олар инфекция туралы нақты әрі шынайы ақпаратты іздеуге көмектеседі. 

Мемлекеттік қызмет саласында 9 IT-шешім іске қосылды. Олардың көбі қазақстандықтардың жоғары сұранысына ие. Мысалы, коронавирус симптомдары бойынша өзіне-өзі диагностика жүргізуге комектесетін онлайн-сауалнама. Бүгінде оның көмегіне 777 адам жүгініпті. ІТ-мамандардың аса маңызды шешімдерінің бірі – ЭЦҚ-ны онлайн жолмен алу. Жыл басынан бері 3 миллион қазақстандық үйлерінен шықпай-ақ, электронды қолтаңбаларын алған. 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне өтініш беру процедурасын автоматтандырғандар да біздің програмистер. Боттардың көмегімен 5 миллионнан аса адам әлеуметтік қолдауға қол жеткізе алған.

Кәсіпкерлікті қолдау жағы назардан тыс қалған жоқ. Қашықтықтан сәйкестендіруге арналған Digital ID сервисі онлайн режимінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 42500.enbek.kz порталы, help.coronavirus2020.kz, AituHome, OnayBazar, Dosmart.kz, HappyFood.

Білім саласында 7 қосымша іске қосылды. Бұл «Bilimland», «Kundelik», «Univer», «Platonus» немесе «Darynonline» білім платформалары.

 

Фото: roskomsvoboda.org