Күшейтілген карантин режимі цифрлық технология арқылы бақыланады

Күшейтілген карантин режимі цифрлық технология арқылы бақыланады

Елімізде күшейтілген карантин режимін қадағалауға цифрлық технологиядағы жетістіктер тартылмақ. 

Мәселен, елордада «Smart Astana» қосымшасы арқылы қала тұрғындарының қозғалысын қадағалау көзделген. Қосымша үйде оқшауланған адамдар туралы мәліметті  берумен қатар географиялық жағдайдың өзгеруін анықтауға мүмкіндік береді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша  жоба тиістң мамандар тарапынан толық сынақтан өткізіліп, денсаулық сақтау министрлігіне  қаулы шығару үшін жолданған. 

Ал Алматыда күшейтілген карантин талабын сақтамағандар «Сергек» камералары арқылы анықталып, жауапқа тартылады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов онлайн брифингте хабарлады. 

«Біз «Сергек» камералары түсірген бейнежазбаларды қолданатын боламыз. Бұл камералар қаланың периметрі бойынша барлық 27 блокпостта орнатылған. Біз мегаполиске кіріп-шыққандарды қадағалаймыз және планшеттерге енгіземіз. Сондай-ақ қаланың ішінде де «Сергек» жүйесін қолданатын боламыз. Бұл бейнежазбалар бізге сотта адамның карантиндік режимді бұзғанын дәлелдеу үшін қажет», – дейді Қанат Таймерденов.  

 

Фото: kolesa.kz