Қазақстандық оқушы тағамның сапасын анықтайтын биоиндикaтор ойлап тапты

Тағамның сапасын биоиндикатормен анықтауға болады. Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-ші сынып оқушысы осындай жаңа құрал  ойлап тапты. Ол үшін жас ғалым көкөністердің құрамынан арнайы антоциан пигментін бөліп алып, оны түрлі қоспалармен байытқан. Көк түсті сұйықтық 5-10 минуттың ішінде тауарды қаншалықты тұтынуға болатындығын көрсетеді. Егер өнім бүлінген болса, индиктор өзінің түсін өзгертеді.

Нәбидің айтуынша, әлемде бұл индикатордың баламасы бар. Дегенмен жас өнертапқыш  оны одан әрі дамытып, болашақта еліміздегі сүт зауыттарына ұсынбақ ниетте. Ал оқушының бұл жобаны жүзеге асыруына әжесінің бұзылған тамақтан уланып, сырқаттанып қалуы себеп болған.

НӘБИ ҒАЛИ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

 - Осы индикаторы бар сүт және де индикаторы жоқ сүтті мысал ретінде алатын болсақ, онда әрине тұтынушы индикаторы бар сүт қаптамасын, сүт өнімін алады. Осы индикаторды қаптамаға енгізу үшін әр түрлі стабилизаторлар қосу арқылы біз оның стабильділігін жетілдірудеміз. Ең алдымен патент алу керек. Сол патент алғаннан кейін барып ғана сүт компанияларына ұсынуға болады. 

Фото: agapas.kz