Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша Trans Caspian Fiber Optic жобасының құрылысы басталды

Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша Trans Caspian Fiber Optic жобасының құрылысы басталды

Жыл соңында Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша Trans Caspian Fiber Optic жобасының құрылысы басталды. Каспий теңізінің түбінен тартылатын талшықты-оптикалық желі Еуропа мен Азия құрлықтарын байланыстыратын телекоммуникациялық дәлізге айналмақ. Трансқұрлықтық бастама еліміздің сандық деректерінің транзиттік әлеуетін ұлғайтуға бағытталған. Үкіметте «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асу барысы талқыланды. Отырыста биылдан бюджеттік жоспарлау қағазсыз үлгіге көшірілгені және барлық кедендік құжаттар «бір терезеден» берілетіні айтылды.

Сондай-ақ «Smart Data Ukimet» жасанды интеллект жобасы және құзырлы органдардың бірыңғай платформасы құрылуда. Мемлекеттік қызметтердің 90%-ын онлайн түрде алу мүмкіндігі жасалмақ. Жалпы, цифрландыру еліміздің барлық салаларын қамтып, бұл бағытта кешенді іс-шаралар жүріп жатыр.

АСҚАР ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

 - Бағдарлама орындалған кезде, келесі нәтижелерге қол жеткіземіз. 2025 жылдан бастап жалпы ұлттық өнім 30% дейін өседі. Цифрлық экожүйеге 67 млрд теңге сомасында инвестиция тартылады. Халықтың 97% кең жолақты интернетпен қамтылады. Ол жоспарлар, әлемдік бенчмарк негізінде жасалған.

Фото: kapital.kz