Smart Data Ukimet жобасы аясында жасанды интеллект технологияларын пайдалану

Қазақстанда жасанды интеллектіні қолданудың жалпы экономикалық әсері жылына шамамен 25 млрд долларды құрауы мүмкін. Еліміздің үкімет басшысы Асқар Мамин цифрлық форумда осындай пікір білдірді. Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстанда Smart Data Ukimet жобасы аясында жасанды интеллект технологияларын пайдалану бойынша алғашқы қадамдар жасалды. Назарбаев Университетінің негізінде Смарт жүйелер институты құрылды.

Премьер-Министр жасанды интеллектіні экономиканың барлық салаларында пайдалану қажет екендігін атап өтті. Мысалы, оны көлік және логистика саласында қолдану транзиттік маршруттарды оңтайландыруға ықпалын тигізеді, ал кеден саласында шекарадан өтуді тездетіп, сауда-саттықта көлеңкелі және контрфактілі тауар айналымын төмендетеді, дейді Асқар Мамин.

АСҚАР МАМИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін және біздің елдеріміздің осы бағыттағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылау үшін жыл сайын Алматыда басқосу игі дәстүрге айналды. Бүгінде цирфлық технологиялар мен инновациялардың қарқынды дамуы әлемдік экономиканың дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Елдеріміздің сапалы дамуында маңызды роль атқаратын жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударылады.

Фото: foma.ru