Қазақстан әлемнің технологиялық дамыған елдерінің рейтингінде

Қазақстан әлемнің технологиялық дамыған елдерінің рейтингінде Қытай мен Ресейді басып озды. Global Finance журналы жүргізген зерттеу бойынша біздің ел 36 орында тұр. Оның тізіміне әлемнің 67 елі енген.

Ал технологиялық жағынан ең дамыған ел Норвегия, Швеция, Нидерланды, Дания, АҚШ, Финляндия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея және Сингапур болып келеді. Рейтингтің соңында Пәкістан, Египет және Мьянма тұр.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан технологиялық инновациялар мен инвестицияларға ерекше көңіл бөлетін үкімет стратегиясының арқасында жетістікке қол жеткізді.

Фото: profit.kz