Қазақстан мен Ресей арасында ең алғаш электронды келісімшартқа қол қойылды

Ресейде Қазақстанмен алғашқы электрондық шартқа қол қойылды. Оны қазақстандық Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесінің әзірлеушісі The Mellows коммуникациялық агенттігімен жасасты.

Құжатқа Doculite жүйесі арқылы қол қойылды. Ол тараптарға екі ел арасында заң бойынша маңызға ие электрондық құжаттармен алмасуға мүмкіндік береді.

Ресейліктер Documentolog-тың шешімдері қағазсыз жүйеге жылдам және қиындықсыз көшуді қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

ИВАН ПАЧКО, THE MELLOWS АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Біз үшін Documentolog-тың ең пайдалы тұсы, басты артықшылығы жіксіз интеграцияда.  Яғни электронды құжат айналымы жүйесіне көшу біз үшін барынша тез жүріп жатыр. Сондай-ақ осы жүйені пайдалану үшін қызметкерлерімізді қосымша оқыту талап етілмейді, себебі барлығы интуитивті тұрғыда түсінікті. Бағдарламаның дизайны өте қарапайым. Жұмысы барлық параметрлері іске қосылған күннен бастап жүзеге асады.

Konnov media агенттігі қазір электрондық құжат айналымына көшу барысында. Сынақтан өткен барлық бағдарламалардың ішінен Documentolog таңдап алынып, іс жүргізу тиімділігі бағаланып та үлгерді.

АНДРЕЙ КОННОВ, KONNOV MEDIA БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Пиар саласында жұмыс істесеңіз, сіз үшін кері байланыстың болғаны өте маңызды. Яғни бүгін бриф толтырылады, ал ертең сізден ұсыныс алынады. Documentolog жүйесі мұны бірнеше сағат ішінде жасауға мүмкіндік береді. Менеджер осылайша жұмыс жүктемесі бойынша 15-20 пайыз уақытынан босайды. Бұл – өте тамаша көрсеткіш.

Documentolog компаниясы қазақстандық нарықта өз саласында көшбасшы болып табылады, сондай-ақ ол мемлекеттік органдармен электронды құжат алмасу жүйесін бірінші рет жүзеге асырған мекеме.