Нұр-Сұлтанда халықаралық IOT Kazakhstan 2019 форумы өтіп жатыр

Мемлекеттік қызметті сандық жүйеге көшіріп, өндірісті технологиялық жаңғырту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын автоматтандыру, қаржы саласының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ақылды қалаларды дамыту.

Жалпы ғаламтор желісінің адам өміріне әкелген тың жаңалықтары мен жетістіктері Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық IOT форумында айтылды.

Ауқымды басқосуға Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Канада, ТМД және Орталық Азия елдерінің сала мамандары қатысты. Олардың қатарында әлемдік деңгейдегі смарт технологияларын құрастырушылар, сарапшылар бар. Халықаралық мамандар қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуға ниетті. 

АНТОН ГРАЧЕВ, «IT-ПАРК» ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ТЕХНОПАРКІНІҢ БАСШЫСЫ  /ТАТАРСТАН/:

 - Қазақстан – қарқынды даму жолына түскен мемлекет. Ақпараттар мен деректерді жеткізуде ең бірінші арақашықтықтың алыстығы тежеу болады. Мәселен, Орталық Еуропа елдері бір-біріне жақын орналасқан. Сондықтан мәліметтермен алмасу ісі еш кедергісіз өтеді. Қазақстан үшін оның шығыны көбірек болғанымен, аса құнды тәжірибе болады. Бұл – өте күрделі мәселені талқылау үшін жақсы алаң. IOT-дің жаңа желілері мен жалпы интернеттің оф финикс бағытын дамыту аса маңызды.  

IOT бағытында дамуды едліміздің тау-кен өндірісі компаниялары да көздеп отыр. Бұған ниет танытып отырған кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, өндірістік үрдіске заманауи технологияларды ендіру ең алдымен бәсекеге қабілеттілікті арттырып, тауар айналымы мен қызмет сапасын ұлғайтуға септеседі.                           

АЛЕКСАНДР ГРЕВЦЕВ, ТАУ–КЕН ӨНДІРІСІ КОМПАНИЯСЫНЫҢ IT-ДИРЕКТОРЫ

 - Тау-кен өндірісі саласы тұрғысынан алып қарасақ, бұл – табыс кілтіне жетудің бірден-бір жолы. Өйткені біз осындай заманауи технологияларды жүйеге ендірсек, басшылар өндірістік үрдісті бақылап, жылдам шешім шығара алатын болады. Бұл – ең алдымен өндіріс көлемі мен сапасын арттырудың кепілі. Температура сынды басқа да көрсеткіштерді жіті қадағалау аса маңызды. Олардың әрбірі өндіріске қажет. Сондықтан уақыт үнемдеп, тиімді шешімдер қабылдау үшін жаңашылдықтар қажет.

Еске салайық, форум осымен үшінші жыл қатарынан цифрлық экономика мен өндірісті жаңғырту тақырыбында бизнес пен үкімет өкілдерінің басын қосатын ауқымды пікірталас алаңына айналды.

Бұл жолы жиынға 20-дан астам инвестициялық компания қатысты.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: strategy2050.kz