Нұр-Сұлтанда «Білім беруде инновацияларды іске асыру» атты халықаралық форум өтті

Адам ағзасы мен денесінің құрылысын терең зерттеп, әуе техникасының жұмысымен танысу, тіпті күрделі тағам әзірлеу.

Қазақстандық IT мамандар ойлап тапқан виртуалды 3Д тренажер арқылы осы және басқа да маңызды мамандықтарға машықтанып, біліктілігіңді арттыруға болады. Әзірге әлем бойынша баламасы жоқ бірегей жоба Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Білім беруде инновацияларды іске асыру» атты халықаралық форумында ұсынылды.  

АЛЕКСАНДР ШАНЬКИН, ЖОБА АВТОРЫ:

 - Біз аталмыш зерттемелерді 2012 жылдан бері қолға алып, Қазақстанда ендірдік. Біздің өнертабысымыздың қазақстандық үлесі 100% құрайды. Толықтай отандық өнімнен тұратын қондырғыны шетелге экспорттаймыз. Негізінен ТМД елдеріне. Ресейдің 8 өңірі біздің зерттемені сатып алды. Біз Мәскеуде өткен білім беру көрмесінде жоғары марапатқа ие болдық. Қазақстанда жасалған өнертабыс орта кәсіптік техникалық білім беру мекемелерімен қатар, жоғары оқу орындарының білім беру жүйесіне ендіріліп жатыр.

Форумның жұмысына Ресей, Украина және Ұлыбритания елдерінен келген өнертабыс иелері мен ғалымдар атсалысты. Қатысушылар еліміздің бірқатар мектептері, колледждері, кәсіптік техникумдарының басшыларымен кездесіп, өз жобаларын таныстырды. Онда білім берудегі жаңа оқу бағдарламалары мен кәсіптік бағдар берудің озық жүйелері, тіл меңгерудің ерекше жобалары, заманауи технологиялар, халықаралық бағалау стандарттарын ендірудің тың жолдары ұсынылып, талқыға салынды. 

АНАР ЕЛЕМЕСОВА, АДАМИ КАПИТАЛДЫ, БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМ ҚАУЫМДАСТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Биыл форумда қаралатын мәселелер көп. Сондықтан бұл шара форум түрінде өткізілмек. Себебі бұл мәселелер Техникалық және кәсіптік білім саласына қатысты, онда жұмыс берушілердің критерийлерін жүзеге асырудағы қазіргі проблемаларын, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін, сондай-ақ дуальді оқыту, жаңа модульдік білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелерін көтеруді көздеп отырмыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: atameken.kz