Елордада жас ғалымдардың өнертабыстары таныстырылды

Отандық жас өнертапқыштар ғылымның дамуына сүбелі үлестерін қосып келеді.

Елордада жас ғалымдардың денсаулық сақтау, білім беру және өзге де маңызды салалар бойынша әлеуметтік және өндірістік бағыттағы жобалары таныстырылды. Бұл - әзірге Қазақстанда баламасы жоқ бірегей технологиялық бастамалар.

Олардың бірі – мына әмбебап қозғалтқыш. Ол кез келген қуат көзімен жұмыс жасай береді. Ең бастысы, бұл өнертабыс қоршаған ортаға зиянды заттар бөлмейді.

КИРИЛ МАРЧЕНКО, ЖОБА АВТОРЫ:

 - Бұл қозғалтқыш қарама-қайшы температуралардың әсерімен жұмыс жасайды. Арасындағы өзгешелік артқан сайын айналым күші де еселене береді. Оның қуаттылығы дизельдік қозғалтқыштан да артық, алайда экологиялық жағынан әлдеқайта таза болады. Ол көмір, мұнай, жанған қоқыс жылуы, тіпті, күн, жер энергиясы сынды баламалы қуат көздерінің кез келген түрімен жұмыс жасай алады.  

ТИМУР ДЖУМУРБАЕВ, ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАРАСЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған кәсіпкерлер қауымдастығы жұмыс істейді. Бүгін таныстырылған жобаларды Қазақстан халқы Ассамбеясына мүшелік ететін инвесторларға ұсынамыз. Олар өздеріне қызықты деген жобаларын таңдап, жүзеге асыру үшін қолдау тетіктерін қарастыратын болады.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: assembly.kz