Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі құжат алмасу ісін «бұлттық» жүйеге көшірді

Кез келген бизнес үдерісін қалай жылдамдатуға және ретке келтіруге болатынын «Documentolog» мамандары біледі. Нарыққа 12 жыл бұрын шыққан бұл компания қазіргі уақытта 300-ден астам ірі мемлекеттік және жеке ұйымдармен жұмыс істеуде.

2015 жылдан бері компания клиенттерінің қатарында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бар. Осы уақыт аралығында банктің бас кеңсесі және 18 өңірлік филиалы «Documentolog» жүйесіне қосылған.

ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі барлық банктік процестерді белсенді түрде цифрландыруда. Біріншіден, бұл клиентке ыңғайлы болу үшін, клиенттерге сапалы қызмет көрсету мақсатында керек. Яғни біздің клиент ең төменгі бағамен қызметтердің максималды көлемін алуы керек. Бұл сонымен қатар ішкі бизнес-процестерді оңтайландыруға байланысты.

Жаңа жүйе уақытты үнемдеумен қатар, қағаз және пошта шығындарын оңтайландыруға және шешім қабылдау ісін жеделдетуге жол ашты. Жақында шығындарды одан әрі оңтайландыру мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі барлық электрондық құжат айналымын «бұлттық жүйеге» көшірді.   

ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Бұл жүйелік модельдің ерекшелігі ұйым капиталды шығындарға инвестицияламайтын кезде барлық жұмыс процесін өз серверінде емес, «Documentolog» ұсынатын бұлттық режимде сақтауында. Сонымен бірге техникалық қолдау жүктемесі едәуір азаяды.

Жұмысты бұлттық жүйеге көшіру Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін серверлерді сатып алу мен оларды пайдалану шығындарын да біршама азайтты. «Documentolog» ұсынған жаңа жүйені әлемнің кез келген нүктесінен тәулік бойы пайдалануға болады.

Фото: digital.report