Отандық ғалымдар көктайғаққа қарсы инновациалық күрек ойлап тапты

Көктайғаққа қарсы жаңа құрал. Отандық ғалымдар иновациалық күрек ойлап тапты.Қазақстанда баламасы жоқ кешен будың күшімен жұмыс істейді. Ол 20 миннуттың ішінде 100 шаршы метр аумақты басқан мұз бен қатты қардан арылтуға қауқарлы. Жұмыс күшін де аз талап етеді, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Қарапайым мұзды оятын сүйменнен 2 есе жеңіл қондырғының ең басты ерекшелігі – жолдың бетін теспейді. Ыстық будың көмегімен бетін бұзбай мұқият тазалайды. 100 пайыз қазақстандық деп танылған өнертабыс патентке ие. Бүгінгі таңда жергілікті және көрші елдердің коммуналдық қызметтері жаңа кешенге қызығушылық танытып отыр, дейді жоба авторы.

МАДИНА ЖӘНІБЕК, ӨНЕРТАБЫС ИЕСІ:

 - Біздің бу генератор тек қыс мезгілінде ғана емес, жыл он екі ай бойы жұмыс істей алады. Қатты қар басқанда, көктайғақта, жапырақтар түскенде де жолдарды тазартады. Әсіресе, қыс уақытында тұз бен құмның қоспалары себіледі. Олар жолды бұзатыны белгілі. Механикалық техникада жолдарды бүлдіреді.  Ал біздің қондырғы жерге қатып қалған қоқыстан оңай ғана арылуға көмектеседі.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: news.rambler.ru