Қырғызстанда сандық ноу-хау енгізілуде

Қырғызстанда сандық ноу-хау енгізілуде. Көптеген әзірлемелердің авторлары республика студенттері болып табылады. Заманауи технологиялардың жанашырлары жастардың түрлі ұсыныстарын Нарын қаласындағы сандық технологиялар көрмесінде көре алды. Өз жетістіктерін ұсынғандардың бірі – Элдияр Жүнісов. Ол өз курстасымен бірге жұмыс берушілер мен ізденушілерге көмек ретінде сайт жасаған.

ЭЛЬДИЯР ЖҮНІСОВ, СТУДЕНТ:

 - Біз барлық адамдардың басын біріктіретін платформа құруға тырыстық. Онда жұмыс берушілер өз жұмысын ұсына алады. Және жұмыс іздеушілер де өзіне керегін сол платформадан табатын болады.

Ал жолдардағы бейнебақылау жүйесінің жобасы облыс губернаторының назарын аударды. Оның үстіне, қаланың қоғамдық орындарында камералар пайда болған.

ЭМИЛБЕК АЛЫМКУЛОВ, НАРЫН ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОР:

 - Президент өңірлердің даму және цифрландыру жылы деп жариялады. Осы ретте Нарын облысы прогресстен қалыс қалмауға тырысуда. Университетпен бірлесіп біздің қалада және жақын ауылдарда бірнеше жобаны жүзеге асырғымыз келеді.

Студенттердің тың идеялары көп. Олардың көбі өз өмірлерін бағдарламалау және пиар саласымен байланыстыруды армандайды. Бұл екі бағыт Орталық Азия университетінде бірінші болып ашылған. Аталмыш ЖОО-ның ашылғанына бар-жоғы 3 жыл болғанымен, оның танымалдылығы уақыт өткен сайын артып келеді. Университетте тек қырғызстандықтар ғана емес, басқа елдердің өкілдері де оқуға және дәріс беруге келеді.

МАСУД МИР, ПРОФЕССОР:

- Көрмеде көрсетілген барлық жобалар адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған. Менің – студенттерім Қырғызстанның болашақ көшбасшылары, олардың елдегі өмір сүру жағдайын жақсартатынына сенімдімін.

Көрмеде ұсынылған сандық жобалардың барлығы заманауи адамның өмірін жеңілдетуге арналған. Сондықтан Әлеуметтік сала мен денсаулық сақтау саласындағы әзірлемелер бірінші орында тұр. Дегенмен қатысушылар олардың ұсыныстарын кез келген салада бейімдеуге және қолдануға болады дейді.

Фото: mediasat.info