ТМД елдері ІТ саладағы қылмыстармен бірлесіп күреседі

ТМД елдері ІТ саладағы қылмыстармен бірлесіп күреседі. Тиісті құжатты Мәжіліс депутаттары мақұлдады. Естеріңізге сала кетейік, ТМД елдерінің ынтымақтастығы туралы келісімге Мемлекет басшылары өткен жылдың қыркүйек айында Душанбеде қол қойған болатын. Құжатта кибер-қауіпсіздікке байланысты қылмыстар бойынша құқық қорғау органдары арасында ақпарат алмасу қарастырылған. Сондай-ақ қаржы құрылымдарындағы бірқатар кедергілер алынып тасталады, сұрау салу тәртібі де жеңілдетіледі. СІМ-нің ақпараты бойынша, бүгінде келісім тек Өзбекстанда және Беларусь елінде ғана ратификацияланды, ал қалған мемлекеттерде тиісті мемлекетішілік процедуралар жүргізуде.

МАРАТ ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз қазір 42 азаматтың ғаламтордағы жарнамаға сеніп, өз ақшаларын аударғандығы жөніндегі қылмыстық істерді жүргізіп жатырмыз. Бұл ақша, 200 миллионға жуық қаржы Ресей Федерациясында, оның аумағындағы түрлі қалаларда қолма-қол ақшаға айналдырылған. Ал мұндай қылмыстарды дер кезінде ашып, дәлелдер табу, сондай-ақ кінәлі адамдарды жазалау үшін бізге осындай келісімдер қажет.

Фото: wd-x.ru