Қазақстан-Қытай: Цифрлық технологиялар саласындағы байланыс

Жасанды зерде, блокчейн және ауқымды мәліметтер. Қазақстан мен Қытай цифрлық технологиялар саласындағы байланыстарын тереңдете түспек, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Қытай Халық Республикасының еліміздегі елшісі Чжан Сяоның айтуынша, аталған бағыт екі ел қатынастарындағы басымдықты салалардың бірі ретінде көрсетілген. Жоғары технологияларды дамыту және ендіру бойынша әлемде көшбасшылардың қатарында саналатын Қытай Қазақстанмен тәжірибе бөлісуге дайын.

ЧЖАН СЯО, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚХР ЕЛШІСІ:

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телекоммуникация, жасанды зерде, ауқымды мәліметтер, цифрландыру саласындағы байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап көрсетті. Бүгінде екіжақты қатынастар тереңдеп, жоғары деңгейге шықты. Қытай үшін Қазақстан басымдықтың ішіндегі басымдық саналады. Және сіздің елмен қатынастарды дамыту – әрқашан да күн тәртібіндегі маңызды мәселе.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: tengrinews.kz