Қазақстанда алғашқы геоақпараттық зертхана ашылады

Қазақстанда алғашқы геоақпараттық зертхана ашылады. Мекеме НАСА-ның қолдауымен Astana Hub технопаркінің негізінде құрылмақ. Мұнда ақпараттық мәліметтердің тың жобалары көрсетіледі. Бұл туралы Орталық Азия елдеріндегі су-энергетикалық қауіпсіздік және аэроғарыштық өнеркәсіп мәселелеріне арналған халықаралық конференция барысында мәлім болды.

МАРАТ БЕКСҰЛТАНОВ, АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ХАБ БАСШЫСЫ:

– Геоақпараттық зертханада тек қазақстандық мамандар ғана еңбек етеді. НАСА мамандары сараптама жүргізіп, оқыту бағдарламаларын өткізеді, жеке меншікті компаниялар қызметтерге тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, халықаралық конференцияда, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың агротехнологиялық кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Форум соңында Astana Hub пен Азия хабы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжат аясында тараптар ауылшаруашылығы саласында бірлескен зерттеулер жүргізетін болады.

Фото: elorda.info