EdTech сарапшысы Кваме Ямгнане Kazakh TV телеарнасында мәлімдеме жасады

Адам капиталын дамыту – жаңа жаһандық тренд және білім беру оның ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл туралы Kazakh TV телеарнасының тілшісіне EdTech сарапшысы Кваме Ямгнане мәлімдеді. Оның айтуынша, 21 ғасыр «білім» ұғымының тұжырымдамасын өзгертті, ал жаңа технологиялар оны көптеген адамдар үшін қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Сондықтан сарапшы дамушы елдерге EdTech жаңа технологияларын өздеріне қолданысқа алу қажет деп есептейді. Бұл онлайн білім беру, оқыту процесінде жасанды интеллектті пайдалану, қашықтықтан оқыту сабақтары, білім беру хабтары. Мұндай тәсіл уақыт өте келе тек алдыңғы қатарлы елдерден қалмауға ғана емес, сондай-ақ ұстаздар пен студенттердің уақытын үнемдейді.

КВАМЕ ЯМГНАНЕ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Не өзгереді? Мұнда тек мұғалімнің рөлі ғана өзгереді. Енді жазған мәліметіңді қағаз бетіне шығарып, мұғалімге тексеруге берудің орнына, сіз жай ғана компьютерге шығарасыз, ал компьютер сізді бағалайтын болады. Бұл мұғалім үшін жақсы тәсіл емес пе? Енді оған көптеген тапсырмаларды тексеруге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, оның орнына ол студенттермен көп уақыт өткізе алады немесе тағы басқа да жұмыстарымен айналыса алады. Жаңа технологиялар білім беру процесін өзгертеді, бірақ адамдар үшін адам мен адамның қарым-қатынасы әрдайым маңызды болып қала береді.

EdTech халықтың барлық топтарына білім алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар оқу үдерісін арзандатып, оны едәуір жылдамдатты. Сондықтан, оларды қолдану әсіресе дамушы елдер үшін маңызды, деп санайды Кваме Ямгнанае.