Қаланың кез келген жерінен көлік тұрағын табуға арналған мобильдік қосымша

Отандық мамандар мобильдік қосымшаны іске қосты. Оның көмегімен қаланың кез келген жерінен тұрақ орнын еркін табуға болады. Тұрақтың иесі өзінің орны бос болса, барлық мүдделі тұлғаларға өз орнын жалға бере алады. Осылайша табыс табу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі. 

Қазіргі уақытта жоба авторлары Сингапурдан келген инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Нақтырақ айтқанда, Оңтүстік-Шығыс Азияның такси қызметіне маманданған жетекші компанияларының бірімен уағдаласуға мүдделі. Бірлескен жоба Сингапурдағы тұрақ орындарының бағасын төмендетуге мүмкіндік береді, дейді мамандар.

ӘНУАР БАЙТҰЛАҚОВ, ЖОБАНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

 - Наурыз айында біз Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен «Смарт жолы» Республикалық ұлттық байқауының жүлдегерлері атандық. Байқаудың жеңімпаздарына Сингапурдағы «Echelon Asia Summit 2019» атты керемет стартаптық ивентіне сапар сыйлық болды. Біз сонда барып қандай да бір дәрежеде көлік тұрағы, трафик, Смарт ситидің дамуы мәселелерімен айналысатын көптеген адамдармен, инвесторлармен таныстық. Біз онда өзімізді өте орынды сезіндік. Негізінде біздің арманымыз осы жолмен ары қарай да жүре беру.

Мамандардың мәліметінше, елордада 300 тұрғын үй кешені бар. Онда кем дегенде 50 орындық тұрақ бар. Жүргізілген есеп бойынша, әрбір 4-ші тұрғын тұрақтағы өз орнын сағаттық жалға бергісі келеді. Жоба бүгінгі күні өте өзекті және оны әзірлеуші мамандар болашағынан үлкен үміт күтуде.

ҚАЛАМҚАС ЖАҒЫПАРОВА, ЖОБАНЫҢ ИНЖЕНЕР-СЫНАУШЫСЫ:

 - Тұрғын үй кешенінің дұрыс атауын енгізесіз, ал біз оны картадан табамыз. Қазір бізде жалға берілетін  барлық тұрақ орындарының тізімі бар. Сізге ұнаған орынды, жаныңызға жаққан тұрақты, уақытымен сай келетін жерді осы тізімнен таңдап ала аласыз. Бұл орын қазір осы уақыт ішінде қолжетімді, сіз бұл уақытты өзгерте аласыз, басқа уақытқа брондап қоюға болады. Әр түрлі уақытты таңдауға болады. Мысалы, әр аптаны, жұмыс күндерін немесе демалыс уақытын таңдауға болады. Егер сіз көп сағат алсаңыз, тиісінше, тарифтер сағат бойынша азаяды. Осылайша үнемдейсіз.

Қазақстандық мамандар шетелдік кәсіпкерлердің қызығушылығын оятқан  тағы бір өнім әзірледі. Бұл – автокөлік жуу үшін онлайн есеп журналы. Оның көмегімен қазіргі уақытта олардың жұмыс орнында не болып жатқанын қадағалауға болады. Жобаның артықшылығы – клиенттерді есепке алудың «ақылды» жүйесі, дейді мамандар. Сонымен қатар автокөлік иелері картадан автокөлік жуатын орынды тауып, кезекке тұра алады. Қазіргі таңда отандық өнім Әзірбайжан нарығына шығуда.

ӘНУАР БАЙТҰЛАҚОВ, ЖОБАНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

 - Жақында біз Бакумен, Әзербайжанмен ынтымақтық жұмыстарын бастадық. Ондағы талантты жігіттер бізге «біз сіздердің автокөлік жууға арналған өнімдеріңізден бастайық» деді. Статистика бойынша, Бакуде қала орталығындағы барлық көліктердің 30%-ы – көлік тұрағын іздеген автоәуесқойлар. Тиісінше, жолдардың көлікке толып қалуының алдын алуы үшін автокөлік иелеріне балама жобалар ұсынылады.

Атап өту керек, стартап топқа жас IT-мамандар және Назарбаев Университетінің студенттері кіреді.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: avtosreda.ru