2025 жылға дейін 200-ге тарта тау-кен металлургия өнеркәсібі цифрландыруға көшіріледі

Соңғы 10 жылда индустрияландыру бағдарламасы аясында Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде 114 жоба іске қосылды. Соның дені төртінші өнеркәсіптік революция стандарттарына жауап береді. Бұған қоса, тау-кен өндіру кәсіпорындарын цифрландыру шеңберінде 2025 жылға дейін жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 200-ге тарта жобаны іске асыру жоспарланған. Бұдан болатын экономикалық тиімділік 2 трлн теңгеден астам сомаға бағаланып отыр. Сондай-ақ мамандардың айтуынша, төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде адами капиталдың маңыздылығы төмендемейді. Білікті мамандардың білімі мен тәжірибесі әрқашан да қажет.

ЕРНАР САРЖАНОВ, ИНДУСТРИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ СИРЕК МЕТАЛЛДАР ЖӘНЕ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯДАН БАСҚАРМАНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 10 жылдан кейін, 20 жылдан кейін не болатын қазір айта алмаймыз. Мысалы қазір ең дамыған Австрияны айтатын болсақ, ол жерде де кеншілер отряды бар. Әлі де олар қара жұмыс істейді. Бүкіл роботтар өзгерте алмайды адамды. Сондықтан алдағы жылдарда адамдар жұмысты өздері атқарады. Кеншінің жұмысы керек болады, бірақ жұмысы оңайлана түседі.

Фото: Хабар 24