Ғылыми тәжірибелік цехтен шыққан өнертабыстар

Қарапайым оқу-әдістемелік құралдардан бастап құрылысы күрделі құлтемірлер. Назарбаев Университетінің өнертабыстары мына бір ғылыми тәжірибелік цехтан шығады. Заманауи қондырғылармен жабдықталған өндірістік шеберханада болат, мыс, қола ағаш сынды кез келген табиғи материалдан тапсырысқа сай бұйым жасалады, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

ЕРКЕН БЕКТАСОВ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЦЕХЫНЫҢ ӨНДІРІС БАСШЫСЫ:

 - Бұл – Назарбаев Университетінің инновациялық кластерінің Machine Shop тәжірибелік цехының ерекше қондырғыларының бірі. Біз оның көмегімен монипулятор-роботтың негізін жасап жатырмыз. Ол түрлі жүкті тиеп тасымалдауға арналған тапсырмаларды орындайтын болады.  

Цех қызметі тың ойды құрастыру құжаматын әзірлеуден, дайын шешімді ұсынуға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Ұсынылған жобаның алғашқы түпнұсқалы үлгісін жасайды. Сандық бағдарламалық басқаруы бар жоғары технологиялы әмбебап қондырғылар берген тапсырмаға бейімделе береді.

БЕКЗАТ ТІЛЕГЕН, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЦЕХЫНЫҢ ИНЖЕНЕР ТЕХНОЛОГЫ:

-  Бес білекті станокта бірден бірнеше материалды өңдеуге болады. Көп қырлы айналмалы қондырғы арқылы импеллер, турбина қалағы сынды күрделі бұйымдарды жасап шығаруға арналған. Қарапайым станоктар ондайға жарамайды. Ол 30 дан 110 градусқа дейін айналып, бірден бірнеше сатыда өңдеуге қауқарлы.   

Баламасы жоқ прототип үлгілерді жасау үшін кешенді тәсілдер қолданылады. Мәселен, таспаны механикалық тілу, жону, дәнекерлеу, бұрғылау тіпті лазерлік кесу мүмкіндіктері қарастырылған. Металды қыздырып өңдеуге арналған пеш те бар. Алдағы уақытта цехтің технологиялық әлеуетін әлі де кеңейте түсу көзделген.

ЕРКЕН БЕКТАСОВ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЦЕХЫНЫҢ ӨНДІРІС БАСШЫСЫ:

 - Жаңа технологияларды ендіріп жатырмыз. Қазір 3Д притинг әдісін меңгеруді қолға алдық. Бұл – метал өңдеу ісіндегі жаңа бағыттардың бірі. Тәжірибелік үлгілер нақты зерттелуі тиіс. Ол үшін альюминий, болат сынды метал ұнтақтары арнайы станокта басылып шығарылады. Ол лазерлік немесе балқыту үрдісі арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде ұсақ металдарды қосу арқылы бізге қажетті көлем жасай аламыз. 

Цехтың мына бөлігінде электрондық тақталар мен сызбалар жасалады. Шеберхананың қорындағы бар құрал-саймандар да студенттердің игілігіне берілген.

ЕРСҰЛТАН БАЙМҰХАН, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

-  Электрондық шеберханада Назарбаев Университетінің студенттеріне көптеген жағдайлар жасалған. Студенттер келіп өздерінің ойларын оңайшылықпен керек заттарды қолдану арқылы іске асыра алады.

Былтыр 188 тапсырысты орындаған цех мамандары биыл 250-ден астам жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: nu.edu.kz