Қазақстанда блокчейн технологиялары жүйелі түрде енгізілуде

Қазақстанда блокчейн технологиялары жүйелі түрде енгізілуде

Қазақстанда блокчейн технологиялары жүйелі түрде енгізілуде. Сарапшылардың пікірінше, алдағы 5 жылда осындай тәсілдер жаһандық экономиканы ғана емес, өмірдің басқа салаларына да әсер етеді. Атап айтқанда, ол мемлекеттік құрылымдардың жұмысын оңтайландыруға, уақытша шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Дегенмен, блокчейнді енгізудің негізгі ұтымды тұсы ол – сенімділікке қол жеткізу. Сондықтан жаңа технологиялардың көмегімен, шекаралардан тасымалданатын тауарларды, мемлекеттік сатып алуды және тағы басқаларды жоспарлауға болады.

САНДРА РО, БЛОКЧЕЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУШІ КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ:

 - Бұл біздің Қазақстанға алғаш келуіміз. Біздің міндетіміз, ең алдымен, жергілікті әріптестермен байланыс орнату және блокчейннің экожүйесін дамыта отырып, кәсіпкерлерге қолдау көрсету.

Сонымен қатар цифрлық қорғау жүйесі балабақшалар мен емханаларда электронды кезекке тұруға да мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, ірі халықаралық компаниялармен ынтымақтастық келешектің технологияларын толық пайдалану мүмкіндігін береді.

ҚАЙРАТ ҚАЛИЕВ, АХҚО ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

-  Әлемдегі ірі блокчейн компаниясы қазір Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында кеңсе ашуды жоспарлап отыр. Осындай компаниялармен серіктес болу блокчейн базасында тиімді жобаларды қолға алуға мүмкіндік береді. Бұл – цифрландыру бағдарламасының міндеттерінің бірі. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда блокчейн-технологияларын реттеу туралы заң жобасы әзірлеп жатыр.

Фото: kramola.info