Түркістанда туристерді күннен қорғайтын «ақылды» шатырлар орнатылады

Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан аймақта алып шатырлар тігіледі. Ол шаһар тұрғындары мен келген туристерді ыстық күннен қорғау үшін халық көп жүретін жерлерге орнатылады.

Мамандардың айтуынша, шатырлардың биіктігі 12-ден 20 метрге дейін болады. Алып шатырлар таңертең күн сәулесі шыққан кезде автоматты түрде ашылып, кешкісін өзі жабылады.

Айта кетейік, осыған ұқсас шатырлар Біріккен Араб Әмірліктерінде кеңінен қолданылады.

ЖАНБОТА ОРАЗБАЕВА, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Бұл шатырлардың ерекшелігі адамдарды күн сәулесінен қорғайды. Бұл біріншіден. Екіншіден, бұл шатырларда су бүркегіш желдеткіштер жүйесін орнатуды қарастырып жатырмыз. Яғни, су бүріккіштер болады. Шағын субұрқақтар секілді. Адамдарға су шашырап тұрады. Ыстық мезгілде желдеткіш қосылып, су себіледі және ауаны салқындатады. Әрі жобада wi-fi жүйесі де қарастырылған. Қазіргі кезде бұл аса өзекті, себебі Түркістанға жастар көп келеді.