XII Астана экономикалық форумына Елбасы қатысты

XII Астана экономикалық форумына Елбасы қатысты

Елордада 12-ші Астана экономикалық форумы басталды. Ашылу рәсіміне еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Форумға әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, кәсіпкерлер мен ғалымдар, барлығы 56 мыңнан астам делегат келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумнан ақпарат таратуға әлемнің 30 елі мен республикамыз бойынша 700-ден астам журналист атсалысты. Пленарлық отырыста форумның негізгі тақырыбына сай, адамдар, қалалар және экономикалар, агломерация, жаңартылатын энергетика, венчурлық қорларды құру және экономикалық даму мәселелерін талқылайды. Еске салайық, Астана экономикалық форумы Еуразиядағы жыл сайынғы ұйымдастырылатын маңызды іс-шара. 11 жыл ішінде әлемдік экономика мен қаржы жүйесін қалпына келтіру және дамыту мәселелерін талқылау үшін ең беделді халықаралық платформалардың бірі мәртебесіне ие болды.