Қазақстан мен Украина «ақылды қалаларды» құру тәжірибесімен бөлісуде

Қазақстан мен Украина «ақылды қалаларды» құру тәжірибесімен бөлісуде

Қазақстан мен Украина «ақылды қалаларды» құру тәжірибесімен бөлісуде. Болашақ мегаполистер тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы болуы керек, - деп есептейді екі елдің сарапшылары. Бұдан басқа, сандық технологиялар қоршаған ортаны жақсартуға және қалалық қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Киев әкімшілігі Қазақстанның «Сергек» жобасына қызығушылық тудырып отыр.

ЮРИЙ НАЗАРОВ, KYIV SMART CITY ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Бізді Астана қаласында жүзеге асырылған бейнебақылау жүйесі қызықтырады. Ондағы бақылау екі сатыдан тұрады. Атап айтар болсақ, фото және бейне фиксацияның арқасында жол ережесін бұзған жүргізуші камераға ілігеді. Осы жобаны биыл Киевте жүзеге асырсақ деп жоспарлаймыз. Сонымен қатар алдағы уақытта 42-ге жуық жоба бар. Әсіресе басымдық фотосуреттерге, жол ережелерін бұзған жағдайдағы бейнежазуға беріледі. 

«Kyiv Smart City» жобасы 3 жыл бұрын іске қосылған. «Ақылды қала» аясында «ашық бюджет» саясаты – қоғамның қолдауына ие болған. Қала тұрғыны қандай да бір әлеуметтік нысанның қаражат және құрылыс жұмыстарымен таныса алады. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың барлық түрі электрондық жүйеге көшкен, тендер мен аукцион ашық өткізіледі.

ЮРИЙ НАЗАРОВ, KYIV SMART CITY ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Киев және қалалық әкімшіліктің аясында сатып алуға қатысты құжаттарын электрондық нұсқаға көшірдік. Айта кетейік, әкімшілік құзырында 1800 салалық бөлімшесі жұмыс жасайды. Сатып алуды электрондық жүйеге көшірудің нәтижесінде 100 млн доллар қаражатты үнемдей алдық.

Жалпы алғанда, жаңа бағдарламаларды енгізу, сондай-ақ қазақстандық инноваторлармен тәжірибе алмасу халықтың өмір сүру деңгейін едәуір жақсартады, - дейді украиналық Smart City жобасының жетекшілері.

Фото: 112.international