«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобалары іс жүзінде

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобалары іс жүзінде

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобалары іс жүзінде. Индустрия 4.0 элементтерін ендірудің арқасында еліміздің ірі өнеркәсіп нысандарында модельдік цифрлық фабрикалар құрылды. Олар соңғы IT-технологиялар іске асырылған демонстрациялық алаңдарға айналды. Атап айтқанда, пайдалы қазба байлықтарын өндіруші 7 ірі кен орнында «Интеллектуалды кен орны» және «Цифрлық кеніш» жобалары ендірілді. Бұған қоса, ІТ салада 3 акселерациялық бағдарлама жүзеге асырылды. Олардың нәтижесі бойынша, 47 стартап іріктеп алынды. Бұл жобаларға 180 миллион теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген. Ал Астана Хаб базасында өнеркәсіптік және инновациялық жобаларды қолдау мен ынталандыру мақсатында бірыңғай портал құрылмақ. Жалпы, биылғы жылы 100-ден аса кәсіпорында цифрландыру бағытындағы шаралар жалғастын таппақ.   

Цифрландыру бағытындағы басымдықты жобалар геология мен жер қойнауын пайдалану саласында да іске асырылуда. 2018 жылы оларды ендіруден болған экономикалық тиімділік 2018 миллиард теңгені құрады. Сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы жылдары бұл көрсеткіш 2 есеге өсуі мүмкін.

Фото: vsluh.ru