Жамбыл облысындағы күн электр станциясы жылына 150 млн киловатт электр қуатын өндіреді

Жамбыл облысындағы күн электр станциясы жылына 150 млн киловатт электр қуатын өндіреді

Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Қазақстандағы тұңғыш күн электр станцияларының бірі және Орта Азиядағы теңдесі жоқ инновациялық жоба жылына 150 миллион киловатт сағат электр қуатын өндіреді. Бұндай нәтижеге оның мүмкіндіктерін 2 есеге арттырудың арқасында қол жетіп отыр. «Бурное Солар-2» электр станциясының екінші кезеңін 10 айдың ішінде салып аяқтаған. Жалпы құрылыс жұмыстарына 300 отандық және шетелдік маман қатысты.

НҰРЛАН ҚАПЕНОВ, КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - 100 МВт-тық күн электр станциясының жобасын іске асыру кезінде біз бюджетке төленетін міндетті төлемдерден 2,5 млрд теңге төледік. Бұдан басқа біз 35 миллион доллар шетелдік тікелей инвестиция тарттық. 100 мегаватты құрайтын екі жобаның жалпы құны шамамен 50 млрд теңгеге шақ келеді.

Күн электр станциясының екінші кезеңінде 185 мың панель орнатылды. Бүгінде жалпы сыйымдылығы 100 мегаватты құрайтын 377 мың күн батареясы жұмыс істейді. Яғни электр станциясы 70 мың үйді энергиямен қамтамасыз ете алады. Күннің көзінен бір станция тәулігіне 330 мың киловатт сағат электр қуатын өндіре алады. Сондай-ақ, мұнда  жұмыс процесі толығымен автоматтандырылған және мамандардың тұрақты бақылауында болады.

ИГОРЬ КАН, КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:

 - Жалпы қуаты 50 мегаватт 16 инвертор станциясына бөлінеді. Инверторлық станциялар ток тізбегіне ауыспалы ток түріне айналады. Сонда барлық қуат қосалқы станцияға өтеді. Онда күшейтілген трансформатор көмегімен кернеу 20 мың вольттан 220 мың вольтке дейін көтеріледі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жаңартылатын энергия көздері әлемдік өндірістің төрттен бір бөлігін құрайды. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 пайызға жетеді.