Семейдегі құрышты техника жөндейтін зауытта өндірісті цифрландыру

Семейдегі құрышты техника жөндейтін зауытта өндірісті цифрландыру

40 жылдан астам тарихы бар Семейдегі құрышты техника жөндейтін зауытта өндірісті цифрландыруға басымдық берілуде. Осыған орай кәсіпорында заманауи технологиялық жабдықтар сатып алу көзделген. Нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, қазақстандық құрам үлесі ұлғаяды. Дәл қазір зауытта осы бөлшектердің 40%-ы жасалады. Болашақта цифрландыру бағдарламасы аясында бұл көрсеткішті 70%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

ТІЛЕУХАН ҚҰСАЙЫНОВ, КӘСІПОРЫН БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жалпы құны 2 миллиард теңгеге жаңа құрал-саймандар алуға инвестициялық жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол келешекте жаңа технология бойынша, жаңа жаңғыртулар бойынша техникаларды жөндеу уақытын қысқартып, соған көңіл бөлініп жатыр.

Айта кетейік, бұл зауыт – Орталық Азиядағы бронды машиналарды жөндеу бойынша теңдесі жоқ жалғыз кәсіпорын. Осы аралықта ол бірнеше рет модернизацияланған және кеңейтілген. Қазір кәсіпорын әскери техниканы пайдалану мен дамыта түсу бойынша жұмыс істейді.

ҚАНАТ КҮЗБАЕВ, ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

-  Біз толық жөндеуден өткізу бойынша жұмыс атқарамыз. Атап айтар болсақ, стационарлық, жол, полигондардағы сынақтар, ату. Қызықты жұмыс. Компания қазіргі таңда дами түсуде.

Мамандардың айтуынша, өндірісті цифрландырудың тиімділігі зор. Зауыттың экспорттық әлеуеті де арта түседі. Қазірдің өзінде Түркіменстан, Өзбекстан елдерінен тапсырыстар түсіп жатыр.