«Астана» халықаралық қаржы орталығында кезекті блокчейн форумы өтті

«Астана» халықаралық қаржы орталығында кезекті блокчейн форумы өтті

Қазақстандық компаниялар криптовалютамен қашаннан бастап белсенді түрде жұмыс істей бастайды, сонымен қатар елімізде блокчейн қаншалықты тиімді? Осы және өзге тақырыптарды ІТ мамандар, майнерлер мен инвесторлар талқыға салды. «Астана» халықаралық қаржы орталығында кезекті блокчейн форумы өтті. Жиында отандық және шетелдік белсенді жастардың стартап жобалары таныстырылды. Ерекшелігі сол – мұндағы тың бастамалардың барлығы биткойн арқылы қаржыландырылмақ. Форумда көпшілік назарына ұсынылған 10-ға жуық жобаның барлығы цифрлық технологияларды дамытуға негізделген. 

ЕРЛАН ШАЙХЫМБАЕВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Біз инновациялық стартаптарды, әзірлеушілерді, трейдерлерді, майнерлерді және кәсіпкерлерді бір жерге жинадық. Олар өзара тәжірибе алмасады, біздің платформа Bitcoin арқылы стартаптарға инвестиция тартады, биткоинның көмегімен бүкіл әлемнің тұрғындары инвестор бола алады.

АРСЕН ЛЕПЕС, УЧАСТНИК ФОРУМА IT-СТАРТАПОВ:

Біз сауда алаңы, сондай-ақ компаниялар үшін әлеуметтік желі жобаларын ұсынамыз. Бұл платформа барлық мәліметтер сақталу үшін blockchain технологиясы негізінде жасалған. Компаниялар сондай-ақ делдалсыз онлайн-мәмілелер жасай алады, смарт келісімшарттар жасасады, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді криптовалютамен төлеуге мүмкіндік береді.