Түркістан облысындағы мақта өңдеу зауыты жаңғыртылды

Түркістан облысындағы мақта өңдеу зауыты жаңғыртылды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы мақта өңдеу зауыты сандық технологияның игілігін көріп отыр. ТМД-да теңдесі жоқ саналатын кәсіпорын АҚШ-тың заманауи технологиялық құрал-жабдықтарымен қамтылған. Шитті мақтаны терең өңдеп, дайын талшық өндіретін зауыт, Шымкенттегі мата шығаратын екі комбинатты, дайын өніммен қамтамасыз етіп отыр.

МЕЙІРБЕК МАҚСҰТОВ, ЖҰМЫСШЫ:

Қазір бұл айналып жатыр, кеп тоқтағаннан кейін престеп басып жатыр. Сосын лентамен бірге айналып шығады. Целлофан қалтаға киіледі, одан кейін ары қарай үтіктеп жібереміз.

Айта кетейік, өндірісі ошағының жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайды. Зауыт жылына 35 мың тонна мақта талшығын өндіреді. Алдағы уақытта өндіріс орнының қуаттылығын жылына 60 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар кәсіпорынның өзге зауыттармен салыстырғанда еңбек өнімділігі 30 %-ға жоғары. Оған сандық технологияның арқасында қол жеткізіпті.

ЕРМАХАН ЖАБУОВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

 - Заманауи технология болғаннан кейін мұнда барлығы автоматты түрде жұмыс істейді. Зауыттың қосылуы, өшірілуі бәрін автоматты түрде бір адам басқарады. Бұрынғы зауытта цехтың барлығы бөлек-бөлек болатын болса, мұнда цехтың бәрі бір жерде. Мақтаны тазалау, кептіру, талшығы мен шитінен ажырату, пресстеу бәрі бір жерде болады.

Осының нәтижесінде талшықтың шығуы 30%-ға артып, сапасы жоғарылаған. Сонымен қатар электр қуатын да 25-30 %-ға үнемдеп үлгерген.