Астанада Digital Bridge 2018 форумы басталды

Астанада Digital Bridge 2018 форумы басталды

Қазақстанның Азия мен Еуропаның арасын жалғайтын «Цифрлық көпірге» айналуына толық мүмкіндігі бар. Бұл туралы Астанада халықаралық инновациялық форумда Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті. Ауқымды шараға әлемнің 25 елінен 1,5 мыңнан аса қатысушы жиналды. Бизнесмендер, инвесторлар, IT-мамандар және мемлекеттік органдардың өкілдері цифрландыру саласындағы жаһандық трендтерді талқылап, тәжірибе алмасты. Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елде атқарылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мән-маңызына тоқталды.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ:

 - Ертең елбасы «Астана Хаб» халықаралық IT-стартаптар технологиялық саябағы жұмысының басталуын ресми түрде жариялайды. Қазақстан Республикасының заманауи технологиялық дамуының жаңа бастау нүктесі болмақ. Ұлы Жібек жолының құқықтық мұрагерлері ретінде біз көліктік күре жолдардың тоғыстырып қана қоймай, Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық көпірге айналуды көздейміз.