Жапониялық өнертапқыштар айда жүруге арналған аппарат ойлап тапты

Жапониялық өнертапқыштар айда жүруге арналған аппарат ойлап тапты

Жапониялық өнертапқыштар ай бетінде жүре алатын жаңа құрылғы ойлап тапты.

 

Мұндай техниканы құрастыруға Google мен X Prize компанияларының ұйымдастырған сайысы себеп болған.

 

Жаңа аппаратқа қойылатын басты талап – үшеу. Құрылғы айға жайлы қонып, оның бетінде 500 метр қашықтықты жүріп өте алатындай болуы керек. Оған қоса, түрлі суреттер мен бейнероликтерді сапалы жазып, жерге жібере алатындай болуы керек.

 

Жапондар құрастырған аппараттың салмағы небәрі 4 келі, ал ұзындығы мен ені 36 сантиметрден кем түспейді. Жаңа технологиялар сайысына АҚШ, Израиль, Малайзия, Германия және Жапония сынды 16 елдің өкілі қатысқан. Барлық талапқа сай құрылғыны ойлап тапқан жеңімпаз топ 20 миллион АҚШ доллар сыйақы алады, деп хабарлайды Хабар 24.

 

 

 

Сурет: hi-news.ru