Ұлыбритания ғалымдары иттерге арналған IQ-тест ойлап тапты

Ұлыбритания ғалымдары иттерге арналған IQ-тест ойлап тапты

Ұлыбритания ғалымдары иттерге арналған арнайы IQ-тест ойлап шығарды. Сол арқылы олар иттердің ақыл-ой қабілетін зерттеп, қай тұқымның өзгелерден асып түсетінін анықтамақ болды. Эдинбург университетінің ғалымдары әртүрлі тұқымды 68 итті зерттеу жұмыстарына қатыстырды. Тестілеу барысында белгілі бір уақыт аралығында асты іздеу және иесінің берген нұсқауына ұқыптылығы тексерілді,деп жазады 24KZ. Нәтижесінде жоғары IQ көрсеткіші бар иттердің нұсқауларды тез әрі епті атқаратыны анықталды.



Сурет: 24.kz