Отандық өнертапқыш қуат көзін үнемдейтін компьютер ойлап тапты

Отандық өнертапқыш қуат көзін үнемдейтін компьютер ойлап тапты

Отандық өнертапқыш ойлап шығарған компютер мемлекеттің күніне 42 млн теңгесін үнемдеп қала алады. Алматылық ғалым Виктор Покусов электр қуатын  әдеттегі компютерлерден бірнеше есе аз тұтынатын есептеуіш машина ойлап тапты. Мәселен, кәдімгі компьютер сағатына 400 киловатт электр шығындаса, бұл компьютер сағатына небәрі 18 киловат тоқ жұтады. Ғалым өз еңбегінің мемлекетке орасан пайда әкелетініне сенімді. «Мұнымен бюджеттің тірталай қаржысын үнемдеп қалуға болады», - дейді. 

 

Виктор ПОКУСОВ, ӨНЕРТАПҚЫШ:

 

Өте тиімді. Электр қуатын 15-20 есеге үнемдейді. Бір компания өздеріне осындай 50 шақты компьютер орнатты. Бір жылдан асты. Әзірге ешқандай шағым айтқан жоқ.

 

Үнемшіл компьютердің бағасы да қымбат емес. Core i5 процессоры орнатылғаны 120 мың теңге тұрады. Өнертапқыштың сөзінше, бұл ақшаны электр жарығын үнемдеудің есебінен небәрі 2 жарым жылда ақтап алуға болады. Енді ол өзінің патенттелген туындысын "Шапағат 2016" байқауында таныстырмақ. 

 

Сурет: www.ferra.ru