Haier компаниясы екі қабатты кір жуғыш машинаны ұсынды

Haier компаниясы екі қабатты кір жуғыш машинаны ұсынды

Берлинде өтіп жатқан IFA-2015 көрмесінде Haier компаниясы екі қабатты кір жуғыш машинаны ұсынды. Құрылғының екі барабаны болғандықтан, ақ түсті заттарды бөлек, түрлі-түсті заттарды бөлек салып, бірдей уақытта жуа беруге болады. Машинаның жоғарғы қабатына 4 келі, төменгі қабатына 8 келі кір салуға болады.  Бір қызығы, оны смартфон пен планшеттен арнайы қосымша арқылы басқара аласыз.



Источник: 24.kz