«Asus» флешка көлеміндей компьютер шығарды

«Asus» флешка көлеміндей компьютер шығарды

Берлиндегі «IFA» көрмесінде флешка көлеміндей компьютер таныстырылды. «Asus» компаниясы шығарған жаңа гаджет «VivoStick» деп аталады.

 

Флешка көлеміндей ғана компьютер HDMI (USB) көмегімен жұмыс жасайды. Монитор немесе теледидарға қосып пайдалана бересіз. «Windows 10» операциялық жүйесімен жабдықталған. Графикалық ойындарды ойнауға мүмкіндік болмаса да, жұмыс жасауға ыңғайлы саналып отыр. Сондай-ақ Wi-Fi 802.11n және Bluetooth 4.0 мүмкіндіктерін де пайдалануға болады. Жедел жады 2 ГБ құрайтын компьютер «Intel Atom Cherry Trail» процессорымен көмегімен жұмыс жасайды. Салмағы 70 граммды құрайды.

 

«VivoStick» компьютері 129 АҚШ долларына бағаланып отыр. Алайда сатылымға шығатын уақыты әлі белгісіз. 

 

Мәтін және сурет: massaget.kz