Әйелдер су өтпейтін смартфондардың көптеп сатылуына себеп болды

Әйелдер су өтпейтін смартфондардың көптеп сатылуына себеп болды

Жапондық әйелдер мен су өтпейтін смартфондар арасында қандай байланыс бар? Panasonic компаниясы топ-менеджерлерінің мәліметінше, Жапонияда сатылған смартфондардың 95 пайызы судың өтуі салдарынан бұзылудан қорғалған. Сөйтсе, жапон әйелдері қалта телефондарын душта шомылып жатқан кезде барынша пайдалануды тұрақты әдетке айналдырған екен.  Осыған байланысты тұтынушының ығына қарай жығылуға мәжбүр болған Sharp, Panasonic, Fujitsu және т.б. компаниялар Жапония үшін ерекше гаджеттер шығаратын болған.


Источник: 24.kz/kz