Apple-дің бұрынғы басшысы жаңа смартфонды таныстырды

Apple-дің бұрынғы басшысы жаңа смартфонды таныстырды

Apple корпорациясының тарихына қызығушылық танытқан кез келген адам үшін Джон Скалли есімі таныс болар. PеpCo компаниясының президенті болған Джон Скаллиді Стив Джобстың өзі Apple компьютерлерінің сатылым деңгейін көтеру мақсатында жұмысқа шақырады. Ал 1985 жылы Скалли Джобстың Apple-ден қуылуына себеп болады. Әрине, мұның бәрі тарих беттерінде қалды. Енді Джон Скалли өзінің Obi Worldphone атты жаңа смартфонын таныстырды.

 

Девайс 5-дюймді дисплеймен жабдықталған. Смарфтонның жұмыс істеу қуатын 8 ядролы Snapdragon 615 процессоры қамтамасыз етеді. Скалли смартфонының АҚШ территориясындағы бағасы 199 және 249 АҚШ долларын құрап отыр. Бірінші нұсқасы 2ГБ оперативті және 16 ГБ қосалқы жадқа ие болған. Ал екіншісі 3 ГБ оперативті және 32 ГБ қосалқы көлеммен жабдықталып отыр. Сонымен қатар, смартфонның қызыл, ақ және қара түсті корпустары дайындалған.

 

Мәтін және сурет: massaget.kz