Гаджеттерге аллергиясы бар әйел үкіметтен өтемақы алады

Гаджеттерге аллергиясы бар әйел үкіметтен өтемақы алады

Франция соты 39 жастағы Марин Ричардқа қатысты шешім шығарды. Оған сәйкес, енді әйел үкіметтен тұрақты түрде өтемақы алып отырады. Себебі Мариннің гаджеттерге аллергиясы бар екені анықталған. Бұған күнделікті қолданыстағы гаджеттердің, мысалы қалта телефонының электрлі магнитті сәулеленуінен болуы мүмкін, деп хабарлайды The Local. Ал әйелдің өзі сот шешімін үлкен жетістік санайды. Өйткені медицинада электрлі магнитті сәулеленуге сезімтал адамдарға диагноз қойылып, оның шағымдары ауру ретінде есепке алынбайды



Источник: 24.kz