Смарт-футболка сатылымға шығады

Смарт-футболка сатылымға шығады

Әлемде әзірге аналогы жоқ «ақылды» футболканы алғаш рет өткен жылы америкалық Ralph Lauren компаниясы ұсынған болатын. Компания өкілдері алдын ала тапсырыстарды қабылдауды бастап жібергенімен, өнімнің ресми нарыққа шығуы келесі аптаға жоспарланып отыр.

 

Смарт-футболка – спорт жаттығуларын жасауға арналып тігілген технологиялық өнім. Бағасы 295 АҚШ долларынқамтитын смарт-киім несімен ерекше екен? Айта кетсек, футболка тігілетін матаға арнайы күміс сымдар өткізілген. Ал, өз кезегінде, сымдар дене бұлшықеттерінің тұрақты қозғалысы, жүрек соғысының жиілігі сынды адамның биометриялық өлшеміне қатысты мәліметтерді жинайды. Жүрек тұсында орнатылған гаджет ақпаратты өңдеп, мобильді қосымша арқылы смартфонға жібереді. Киім OmSignal компаниясымен біріге дайындалған.

 

Әзірге смарт-футболканың тек ерлерге арналған нұсқасы ғана бар. Ал әйелдерге икемді нұсқасы жыл соңына дейін шығатыны белгілі болып отыр. Ralph Lauren компаниясы инсайдерлерінің мәліметіне орай, болашақта смарт-киімнің күнделікті киюге арналған үлгілері де дайындалмақ.

 

Ralph Lauren смарт-киімнің мобильді қосымшасын өнімнің сатылымға шығатын күніне дайындап отыр. Сондай-ақ, «ақылды» футболка әзірге тек АҚШ территориясында сатылатын болады. Ал өзге елдер нарығына шығу мүмкіндігі туралы еш ақпарат берілмеді.

 

Бастапқыда мобильді қосымшаны Apple гаджеттерін тұтынушылар ғана қолдана алады. 

 

 

Ақпарат көзі: massaget.kz