Соққының қаншалықты ауыр болғанын көрсететін шлем жасалды

Соққының қаншалықты ауыр болғанын көрсететін шлем жасалды

Пенсильвания штаты университетінің ғалымдары басқа тиген соққының қаншалықты қатты болғанын көрсететін шлем жасап шығарды, - деп жазады Phys.org.

 

Идея авторларының айтуынша, бұл шлемді әскери жаттығулар кезінде қолдануға болады. Әдетте, жауынгердің басына соққы тигенде оның қаншалықты ауыр болғанын анықтау қиын. Жаңа шлем соққының аурылығына байланысты түсін өзгертіп отырады. Солдатқа тым қатты соққы тиген болса, командирлер оны шлем түсінің өзгеруінен біліп отырады. Қажет болса, дәрігерлерді шақырады.

 

 

 

Ақпарат көзі: massaget.kz