Жаңа iPhone 7 таныстырылатын күн жақын

Жаңа iPhone 7 таныстырылатын күн жақын

Жаңа iPhone 2015 жылдың 9 қыркүйегінде таныстырылады деп күтілуде. Apple компаниясы үшін күздің басы iPhone гаджеттерінің келесі буынын таныстыруға байланысты ауқымды шаралармен есте қалуы тиіс, деп хабарлайды iphone7cena.ru.

 

Сондай-ақ американдық компания жаңа iPad пен Apple TV телевизиялық қондырғысын таныстырмақ. 



Кейбір дереккөздерге қарағанда, жаңа гаджеттің экраны Force Touch технологиясымен әзірленген.



Бұдан бұрын хабарлағанымыздай,  iPhone 7-нің iPhone 6-дан бірқатар артықшылықтары болмақ. Атап айтқанда, iPhone 7-нің дисплейі iPhone 6 Plus-ке (диагоналі бойынша 5,5 дюйм) қарағанда үлкен болмақ. Сондай-ақ iPhone 7-нің төрт ядролы процессоры болады. Жады көлемі 256 гигабайтқа дейін ұлғаяды.

 

Мәтін және сурет: inform.kz