Алматылық кардиохирургтар жүрек операциясының тиімді және заманауи әдісін меңгеруде

Алматылық кардиохирургтар қолқа қақпашасын жасанды клапанға ауыстырудың заманауи әдісін меңгеруде. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары осындай екі операция жасады. Бұл әдістің ерекшелігі – хирургтар кеуде қуысында тілік жасамайды. Яғни, жүрегіне ашық түрде операция жасауға тыйым салынған егде жастағы адамдарға арналған. Операциядан кейін науқастар өздерін өте жақсы сезінеді, дейді дәрігерлер.  

АЛЕКСЕЙ КОЛЕСНИКОВ,РЕНТГЕНЭНДОВАСКУЛЯРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біз бүгін жалпы наркозсыз 2 операция жасадық. Перифериялық жамбас артериясына кішкентай ғана кесік жасадық. Яғни бұл – перифериялық артерия. Одан әрі қысылған күйдегі клапан денедегі тарылған жеріне жеткізіледі.

Операция 1,5 сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде Түркиядан келген профессор жергілікті кардиохирургтармен тәжірибесін бөлісті.  

ЕРТУГРУЛ ОКУЯН, ПРОФЕССОР:

 - Бұл клапан өте маңызды. Яғни, ол жабылған кезде оттегімен қаныққан қан ешқайда жүрмей қалады. Миға, бауырға тіпті бүйрекке де бармайды. Сондықтан бұл органдар зардап шегеді. Мұндай жағдайда науқастардың өліп кету қаупі жоғарылайды. Оларды құтқарудың жалғыз  жолы – операция. Менің осындағы әріптестерім мұндай операцияларды енді өздері  жасай алатындығына сенімдімін.

Мұндай операцияларды жасау медициналық көмектің сапасын арттырады, дейді мамандар. Биыл кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары осындай 10 операция жасауды жоспарлап отыр.

 

Фото: freepik.com


×