Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Өткен тәулікте 268 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған, бұл алдыңғы күннен шамамен екі есе артық. Әсіресе Шығыс Қазақстан облысында жұқтырғандар қарасы кұрт көбейген. Аймақта бір күнде  139 адамда қатерлі індет расталған. Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 111 100 жетті.

Аймақтардағы эпидемиологиялық  ахуал төмендегідей:

Алматы қаласында - 14693(+12),

Нұр-Сұлтан қаласында -14510(+33),

Атырау облысында - 11270(+4),

Қарағанды облысында - 10532(+10),

Шығыс Қазақстан облысында - 9360 (+139),

Батыс Қазақстан облысында - 6992(+9),

Шымкент қаласында -5231(+2),

Алматы облысында - 5112(+5),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4400(+13),

Павлодар облысында - 4196(+12),

Жамбыл облысында - 4180(+3),

Ақмола облысында - 3664(+10),

Қостанай облысында - 3608(+7),

Түркістан облысында - 3409(+1),

Маңғыстау облысында - 3391(+0),

Ақтөбе облысында -3293(+2),

Қызылорда облысында -3259(+6).

Сонымен қатар COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанғандар саны да артып келеді. Өткен тәулікте 174 жағдай тіркелді. 1 науқас індеттен қайтыс болған. 

Айта кету керек,  қатерлі індетті жеңіп, емделіп шыққан отандастарымыздың саны да артып келеді. Өткен тәулікте 176 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Осы уақытқа дейін барлығы 106 мыңнан астам адам COVID-19-дан сауыққан.

 

Фото: kp.kz


×