Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асты

Қазақстанда  өткен тәулікте коронавирус инфекциясы бойынша 179 жағдай тіркелді. Осылайша індетті  жұқтырғандар саны 110 086 жетті. Алматы коронавирус жұқтыру дерегі бойынша  өзге өңірлердің алдына шықты. Мұнда өткен тәулікте қатерлі індет бірден 44 адамда расталған. Әрқайсында 20-дан жұқтыру дерегі ел астанасы Нұр-Сұлтанда, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында тіркелді.  Үштікті 16 науқас анықталған   Қарағанды облысы тұйықтады.

Аймақтардағы эпидемиологиялық  ахуал төмендегідей:

Алматы қаласында - 14607(+44),

Нұр-Сұлтан қаласында -14373(+20),

Атырау облысында - 11241(+9),

Қарағанды облысында - 10464(+16),

Шығыс Қазақстан облысында - 9090 (+20),

Батыс Қазақстан облысында - 6943(+8),

 Шымкент қаласында -5220(+1),

Алматы облысында - 5059(+6),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4336(+10),

Жамбыл облысында - 4163(+3),

Павлодар облысында - 4115(+20),

Ақмола облысында - 3598(+10),

Қостанай облысында - 3568(+6),

Түркістан облысында - 3400(+0),

 Маңғыстау облысында - 3377(+2),

Ақтөбе облысында -3280(+2),

Қызылорда облысында -3252(+2).

Бір жақсысы COVID-19 жеңіп шыққан науқастар қатары да артып келеді. Өткен тәулікте 108 қазақстандық  қатерлі індетті жеңіп, жазылып шыққан. Осы күнге дейін 105 мың адам коронавирус инфекциясынан сауығып кетті.

 

Фото: ria.ru


×