Жүрек ырғағын қалпына келтіретін бірегей операция жасалды

Медицинадағы инновация. Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жүрек ырғағының бұзылу дертінен түбегейлі айықтыратын бірегей операция жасалды. Жаңа технология бойынша, жамбас буынына қойылған катетер арқылы аритмия ошағы анықталып, жүрек ырғағы қалыпқа келтіріледі. Аталған институтта жаңа әдіспен 2 науқасқа операция жасалды.

РОИН РЕКВАВА, АРИТМОЛОГ:

 - Бұл катетерде микрочиптары көрінбейді. Ол ішінде орналасқан. Құрал  қажет аймақты тауып, экранда көрсетеді. Бұл бізге сау тіндерді зақымдамай, жүректегі аритмия ошағын ғана алып тастауға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс тиімді, әрі қауіпсіз.

Ескі әдіс бойынша аритмияны емдеу қиын болатын, - дейді мамандар. Инновациялық катетер науқастың инсульт алу қаупін азайтып, жүрек жеткіліксіздігінің алдын алады. Сондай-ақ, рентген сәулелерінің науқастың ағзасына әсер етуін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Бірегей операцияны болашақ дәрігерлер де бақылады.  

ГҮЛНАЗ ДҮСЕКЕЕВА, РЕЗИДЕНТ:

 - Бүгін ерекше кәсіби шеберлік сабағына қатыстық. Осы операцияға алғашқылардың бірі болып атсалысқаныма қуаныштымын. Аритмия ауруына шалдыққан пациентке бұған дейін шунттау жасалған. Жаңа технология мұндай  науқастарды дертінен тез айықтырады.  

Операциядан соң, науқас бір күнде қалпына келеді, - дейді дәрігерлер. Жүрек ырғағының күрделі бұзылуын емдейтін операция тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру аясында ақысыз  жасалады.

 

Фото: almaty.tv


×